қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Сырымбетова Гулзат Парахатовна

Сырымбетова Гулзат Парахатовна

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Сырымбетова Гулзат Парахатовна, 1991ж 13 қараша Өзбекстан Республикасында туылдым. 2011жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне, химия кафедрасына оқуға түстім.

2015 жылы бакалаврды аяқтап, 2015-2016ж химия кафедрасында леборант қызметін атқардым. 2016 жылы 7М011200-Химия мамандығына магистратурға түсіп, 2018 жылы оқуды бітірдім.

2018жылы 8D011200-ХИМИЯ мамандығына докторантураға түстім, 2021 жылы оқуды аяқтадым. 2021 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ ға химия кафедрасына оқытушы болып жұмысқа тұрдым. Қазірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, магистр оқытушысы болып қызмет атқарудамын.

 

БІЛІМІ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітірген жылы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Химия пәнінің оқытушысы

2015

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Магистратура

2018

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Докторантура

2021

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриат: «Периодтық жүйедегі элементтер химиясы»; «Компьютерлік химия», «Сандық анализ әдістері», «Мектеп химиясы эксперименттерін өткізу әдістемесі»

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Отандық және шетелдік басылымдарда 10-тан астам ғылыми мақалалар жарияланған

1. Сырымбетова Г.П., Назарымбетова Х.Ә., Нұрғалиева А.Т. «Мұнай химиясы» пәнін экологиямен байланыстырып оқыту // Қазақстан жоғары мектебі ISSN 1560-1749 №2, 2018ж. 272-275 б.

2. Сырымбетова Г.П., Жақсыбаев М.Ж. Жоғары оқу орындарында химия пәнін оқытуда аймақтық компонентті қолданып оқыту //  «Global science and innovations 2019: central asia» атты VI Халықар. ғыл.-тәж. конф. материалдары (IV ТОМ) /  Нұр-Сұлтан (Астана), 2019. - ISBN 978-601-341-108-8. 134-137б.

3. Сырымбетова Г.П., Жақсыбаев М.Ж. Химияны оқытуда аймақтық компонентті қолданудың мүмкіншіліктері // «Жаратылыстану-ғылыми  білім  беруде жаңартылған  білім  беру  мазмұнының  мақсатын жүзеге  асырудың  теориясы  мен  практикасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары ,14-15 Қараша, 2019. Алматы. -ISBN 978-601-298-837-6. 149-152 б.

4. Сырымбетова Г.П., Жақсыбаев М.Ж., Ахманбетова П.Т. Гетерогенді катализаторлар қатысында метанолды дегидратациялау // «Химия ғылымы мен химиялық білім берудің заманауи аспектілері: теориясы және практикасы» атты ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

29-30 қараша 2022. - 53-56б. ISBN 978-601-353-146-5

 

 


← Вернутся назад