қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Атемкулова Назира Омарқызы

Атемкулова Назира Омарқызы

 

ҚЫСҚАША ҒҰМЫРНАМА

Атемкулова Назира Омарқызы 1971 жылдың 6 мамырында дүниеге келген. 1988 - 1993 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын «Мәдени-ағарту жұмысы» мамандығы бойынша бітірген.

- 1993-1996 жылдар аралығында Жызақ облысы, Мырзашөл ауданы, Гагарин қаласындағы аудандық №6 Ш.Қалдаяқов атындағы музыка мектебінде музыка пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеген;

- 1996-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы Жетісай мәдениет колледжінде музыка пәнінің оқытушысы қызметін атқарған;

- 1997-2001 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінде музыка пәнінің оқытушысы қызметін жалғастырды;

- 2001-2005 жылдар аралығында осы аталған колледждің «Ән-саз» кафедрасының меңгерушісі;

- 2005 - 2010 жылдары «Ән-саз және мәдени-ағарту» бөлімінің меңгерушісі қызметін кафедра меңгерушісі қызметімен қоса атқарып, сонымен қоса педагогика, психология пәндерінен дәріс берген.

- 2008 жылы 01 желтоқсанда Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің (ҚарМУ-нің) ғылыми кеңесінде «Сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы колледж оқушыларының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру» (педагогикалық колледждердегі музыка - педагогика мамандығы материалдары негізінде» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2009 жылғы 25 ақпандағы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен (№2 хаттама) 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (FK №0002652, 25.02.2009 ж.).

Ғылыми зерттеу саласы - Мектепке дейінгі педагогиканың теориясы мен тарихы; Тәрбие теориясы мен әдістемесі; Жалпы педагогика; әлеуметтік педагогиканың мәселелері; Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды әлеуметтендіру мәселесі. Болашақ педагогтарды мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептерде музыкалық - эстетикалық тәрбие беруге даярлау.

Зерттеу жұмысы бойынша отандық және шетелдік басылымдарда 250-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған. Оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдардың, үлгілік білім беру бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулардың авторы. 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, модульдік оқу бағдарламасын құрастырушы.

2010 жылдан қазіргі кезеңге дейін Абай атындағы ҚазҰПУ, педагогика және психология факультетінің, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында қауымдастырылған профессор лауазымы бойынша қызмет атқарып келеді.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Мамандығы

Квалификация

Бітірген жылы

Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институты

Мәдени - ағарту жұмысы

Мәдени - ағарту қызметкері,халықаспаптар көркемөнерпаздар оркестрінің жетекшісі

1993

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәреже атауы

Ғылым саласы

Дипломның берілген мерзімі

Педагогика ғылымдарының

кандидаты

13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика

25.02.2009 ж.

Протокол №2.

(FK №0002652). Астана қ.

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атақ атауы

Берілген мерзімі

Қауымдастырылған профессор (доцент)

01.07.2014. (хаттама №490-ж/қ),

 

ОҚЫЛАТЫН ПӘНДЕР

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің педагогикалық шеберлігі

Жобалық іс-әрекет негіздері

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстағы статистикалық әдістер

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиялары

Педагогикалық шеберлік негіздері

Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесінің әдістемесі

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны:

1. Janzakova Sh,  Atemkulova  N. Bielienka H., Kateryna V., Sabirova Zh., Demissenova Sh., Yelezhanova Sh. Formation of reflection on the basis of information and communication technologies. // Web of Science. Издатель-ASESORIA & TUTORIAS INVESTIGACION CIENTIFICA EDUCACION, CALLE PINO SUAREZ, 400-2, COL SANTA CLARA, TOLUCA, EDO DE MEXICO, 50090, MEXICO,   American Journal of Education and Information Technology (AJEIT). DILEMAS CONTEMPORANEOS-EDUCACION POLITICA Y VALORES.  Sep. 2019, Vol. 7 Issue 1, p1-25. 25p. Номер статьи-45. Sep-2019. Тип документа-Article.

2. Akynova Zhibek,  Khalitova Islamiya, Kassimbekova Barshagul,  Atemkulova Nazira,  Smailova Feruza, Boranbayeva Boranbayeva. The use of fairy-tale therapy technology by teachers in the formation of children`s communication skills. //World Journal on Educational Technology: Current Issues. - P. 1065 -1076.  Vol. 14, Iss. 4. Oktober, 2022.

3. Атемкулова Н.О. Халитова И.Р., Қыяқбаева Ұ.Қ. Абай мұрасындағы әлеуметтік - педагогикалық ойлар // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы. Педагогика және психология. Ғылыми - әдістемелік журнал. 1 (42). 2020, - Б.172-178.

4. Атемкулова Н.О. Халитова И.Р., Ширинбаева Г.Қ. Тарихи мұралар әлеуметтік педагог мамандарды рухани даярлау құралы ретінде // Абай атындағы ҚазҰПУ «Хабаршы» ғылыми журналы.  «Педагогика ғылымдары» сериясы. №2 (66). - 2020, - Б. 180-187.

5. Атемкулова Н.О. Халитова И.Р., Ширинбаева Г.Қ. Суицидтің алдын алу бойынша мектеп оқушыларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жоспары // Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану-республикалық педагогикалық - әдістемелік журнал.- Алматы. №1 (75), 2021. -3-6 бет.

6. Атемкулова Н.О. Халитова И.Р. Суицидтің алдын алу бойынша әлеуметтік педагогтың  мектептегі жұмыс жоспары // Абай атындағы ҚазҰПУ «Хабаршы» ғылыми журналы. «Педагогика және психология» сериясы.  №2 (47). - маусым, - 2021, - Б. 67-76.

7. Атемкулова Н.О. Халитова И.Р.,  Халитова М.М. Өсіп келе жатқан жас ұрпақта экономикалық сана қалыптастыру мүмкіндіктері // Абай атындағы ҚазҰПУ «Хабаршы» ғылыми - әдістемелік журнал.  «Педагогика және психология» сериясы.- №1 (50). -2022, - Б. 62 -71.

8. Атемкулова Н.О. Қыяқбаева Ұ.Қ., Булшекбаева А.И. Заманауи білім беру жағдайында педагог-тәрбиешілердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері. //«СПЕЦИАЛЬНАЯ ПЕДАГОГИКА: ПРОБЛЕМЫ И РЕШЕНИЯ». Материалы международный научно-практической конференции. Ájiniyaz atindaǵi NMPI baspaxanasy.  - Nókis. 190-194, Апрель, 2023

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ-зерттеу тақырыбы, жарияланымдар:

1. Атемкулова Н.О. Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Педагог мамандығына арналған оқу - әдістемелік құрал. - Алматы, ҚазҰПУ, 2013. - 110 бет.

2. Атемкулова Н.О., Коломиец О.М. Профессиональная деятельность классного руководителя. Учебное пособие. - М.: ИД «Развитие образования», 2018. - 160 с.

3. Халитова И.Р., Қыяқбаева Ұ.Қ., Атемкулова Н.О. Әлеуметтік педагогика / «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша білім алушыларға арналған оқу құралы. (ЖОО арналған оқу құралы). - Алматы: «Кемел кітап» баспасы. 2024. - 176 б.

 

МАРАПАТТАРЫ:

1. ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Құрмет грамотасы", Вице-Министр М.Айсина, 26.12.2005 ж.

2. «Үздік тәрбие жетекшісі» төс белгісі, куәлік № 416, 23.05.2016 ж.

3. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты». Вице-министр Э.Суханбердиева. N 017., 2017ж.

4. Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалі. Куәлік -№640. (13.12.2018ж).

 

 


← Вернутся назад