About us | Главная /
Ахметжанов Дастан Ғалымжанұлы
Ахметжанов Дастан Ғалымжанұлы
ӨМІРБАЯН Ахметжанов Дастан Галымжанович, 1985 жылы 7 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. 1991-1997 жж.Аягөз қалалық №1 орта мектепте, 1997-2002 жж.Аягөз қалалық қазақ лицейін оқып бітірген. 2002-2006 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультетін «Тарихшы» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 2006 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласы, Әуезов ауданы, А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында тарих пәні мұғалімі болып бастаған. 2007-2014 жж. Алматы қаласы, Түрксіб аудандық №59 мектеп-гимназиясына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде жұмыс атқырды. 2014-2016 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң ЖОО-ға дайындық факультетінің оқытушысы қызметін атқарды. 2016-2018 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2018-2020 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Тарих, археология және этнология факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. 2020-2022 жж. әл-Фараби атындағы Философия және саясаттану факультетінде «Дінтану және мәдениеттану» кафедарысының аға оқытушысы қызметін атқарды. 2022-2024 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқытушысы қызметін атқарды Ахметжанов Д.Г. оқытушылық қызметінде өзін білікті, жауапкершілігі мол маман ретінде таныта білді. Университеттің және факультеттің өміріне белсенді түрде араласады. Педагогикалық өтілім - 18 жыл.
БІЛІМІ
АКАДЕМИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕР (оқыту деңгейі бойынша тізім) -Бұқаралық және элиталық мәдениет -Қоғамды жаңғыртудың әлеуметтік технологиялары -Мәдени фундаментализм және модернизм -Этика және эстетика -Мәдени зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері -Семиотика -Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік процестер -Мәдениеттану -Философия
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ - зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны (5 маңыздысын көрсетіңіз) 1) Ұлы Жібек Жолы өркениетінің ірі ошақтары арасындағы өзара мәдени алмасулар / Баспа «Адам әлемі» журналы, Философия сериясы. - № 3 (81). - Алматы: 2019. 129-138 беттер. Ахметжанов Д.Г., Алимжанова А.Ш., Малдыбек А.Ж., Ғабитов Т.Х. 2) Ұлы Жібек жолы мәдениеттерінің өзара әсері / Баспа «ҚазҰУ хабаршысы» журналы, Философия сериясы. - № 3 (68). - Алматы: 2019. 120-128 беттер. Ахметжанов Д.Г., Алимжанова А.Ш. 3) Great Silk Road: civilizations and cultural relations / Баспа «Philosophy and life» журналы. - № 4 (7) Ташкент: 2019. 52-62 беттер. Ахметжанов Д.Г., Алимжанова А.Ш. 4) The Great Silk Road: Tengrian symbols and cultural relations / Баспа VII Международной научно-практической конференции «Тенгрианство и эпическое наследие народов Евразии: истоки и современность», 21-22 қыркүйек, 2019, 45-50 беттер. Ахметжанов Д.Г. 5) Ұлы Жібек жолы: мәдениеттердің өзара байланысы / «Қазақстан халқының мәдени құндылықтары: әлемдік тәжірибе мен заманауи үрдістер контекстінде сақтау және дамыту» халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 29.11.2023, Алматы, 587-592 беттер.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕР - зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны (5 маңыздысын көрсетіңіз) "Қазақстан тарихы пәнін оқыту: әдістемелік нұсқаулық" ISBN 978-601-04-1049-7. "Қазақ университеті", Алматы-2015ж. Бегалиева А.К., Ахметжанов Д.Г.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|