қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы

Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН

Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы 1993 жылы 23 мамырда дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 2011 жылы Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясын үздік бітірген.

2011 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетіне түсіп, 2015 жылы «5В01100-Физика» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

2015 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтының магистратурасына түсіп, 2017 жылы «6М01100-Физика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

2016 жылы еңбек жолын Алматы үздіксіз білім беру колледжінде физика пәнінің оқытушысы қызметінен бастады. 2016 жылы 1 қыркүйектен бастап Алматы қаласы №72 жалпы білім беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика факультетінің Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Бакалавриат

2015 ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Магистратура

2017 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогика ғылымдарының магистрі

6М01100-Физика

2017 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта: Физикалық есептерді шешу бойынша практикумы-1, Бағалау және дамыту, Білім мен іскерлікті бағалау бойынша практикум

 

ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Ғылыми мақалалар:

1. Күзенбаев Ж.К. «Физика пәнінде виртуалды зертханаларды пайдалану», Халықаралық ғылыми-танымдық, педагогикалық журнал «INNOVATIVE TEACHERS» №32-1, 2025ж

2. Күзенбаев Ж.К. «Физиканы оқытудағы цифрлық интеграция», Ғылыми-әдістемелік журнал «Баршаға білім беру- Образование для всех» №4 (56), 2025ж

 


← Вернутся назад