қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Ширинбаева Гулбахира Қойбағаровна

Ширинбаева Гулбахира Қойбағаровна

ҚЫСҚАША ҒҰМЫРНАМА

Г.К.Ширинбаева 1966 жылдың 27 ақпанында дүниеге келген. 1983-1988 жылдары Шымкент педагогикалық институтында физика және математика мамандығы бойынша білім алған. 2001-2003 ж.ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде "Қолданбалы өнер педагогы" мамандығы бойынша екінші жоғары педагогикалық білім алған. 1988-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының жалпы білім беретін мектептерінде мұғалім болып қызмет істеген.

2004-2008 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында зерттеуші-ізденуші бола жүріп диссертация қорғаған. 2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен (№11 хаттама) 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (FK №0002233, 20.10.2008 ж.).

Ғылыми зерттеу саласы - рухани-адамгершілік білім беру, ұлттық тәрбие, жалпыадамзаттық құндылықтар, эстетикалық мәдениет, қоғамға риясыз қызмет ету, жастардың еріктілік қозғалысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері

Зерттеу жұмысы бойынша отандық және шетелдік басылымдарда 250-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған, монография, оқу-әдістемелік құралдардың, үлгілік білім беру бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулардың авторы.

2010 жылдан қазіргі кезеңге дейін Абай атындағы ҚазҰПУ, педагогика және психология институтының, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында қауымдастырылған профессор м. а. және "Мейірім" еріктілер клубының жетекшісі болып табылады.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітірген жылы

Шымкент педагогикалық институты

 Физика пәнінің мұғалімі

 1988

Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

 Қолданбалы қолөнер педагогы

 2003

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәреже атауы

Ғылым саласы

Дипломның берілген мерзімі

Педагогика ғылымдарының кандидаты

13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика

01.07.2008.

Протокол №11.

(FK №0002233). Астана қ

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атақ атауы

Берілген мерзімі

Қауымдастырылған профессор (доцент) м.а.

16.03.2016. (хаттама №121-ж/қ),

 

ОҚЫЛАТЫН ПӘНДЕР

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиялары (бакалавр)

Еріктілер жұмысының негізі

Педагогикалық анимация, бос уақыт

Отбасы педагогикасы

Кәсіптік бағдар беру негіздері

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар:

1.Ширинбаева Г.К Педагогикалық білім беру контексінде ізгілікті ортаны ұйымдастырудың аксиологиялық аспектілері / Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы  «Филология ғылымдары» сериясы, №1(71), 2020ж. -Б. 658-665

2.Ширинбаева Г.К  Студент имиджі әлеуметтік педагогикалық феномен ретінде / Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы  «Психология» сериясы №1(62), 2020. -Б.87-90 

3.Ширинбаева Г.К Тарихи мұралар әлеуметтік педагог мамандарды рухани даярлау құралы ретінде / Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы  «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(66), 2020.-Б.180-188

4.Ширинбаева Г.К. Болашақ педагог психологтардың өзін-өзі бағалаудың психологиялық ерекшеліктері  / Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы  «Психология» сериясы №3(76) 2023. - Б 101-109

5.G.K. Shirinbayeva DEVELOPMENT OF THE EMOTIONAL CULTURE OF THE FUTURE SPECIAL TEACHER. Journal "Pedagogy and Psychology" Since September. Abai Kazakh National Pedagogical University, / Вестник КазНПУ им.Абая. Volume 58 (2024): Issue 1 (March 2024) 102-108

6.Ширинбаева Г.К. Студент жастарды әлеуметтендірудегі еріктілік қызметтің әлеуметтік-педагогикалық әлеуеті. Program of the IV International Scientific-Practical Conference April 6-8, 2022 Dusseldorf (Germany). 131-140 б

7.Ширинбаева Г.К. Әлеуметтендіру ортасын құру арқылы мектепке дейінгі жастағы бала лардың ойын әрекетін ұйымдастыру. Materials of the VIII International Scientific-Practical Conference. Volume II - Edmonton (Canada). 2023. - 327 б. 26-35 б.

8.Ширинбаева Г.К. Еріктілік мектеп жасына дейінгі балаларды тиімді әлеумет тендіру тетігі ретінде. Materials of the IX International Scientific-Practical Conference. Volume II - Dallas (TX, USA). 2023. - 293 б. 11-18 б.

9.Ширинбаева Г.К. Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік белсенділігі әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде. Materials of the IX International Scientific-Practical Conference. Volume III - Gothenburg (Sweden). 2024. - 314 б. 79-88 б

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ-зерттеу тақырыбы, жарияланымдар:

1. Ширинбаева Г.К. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиялары  Оқу құралы. - Алматы:  «Әкімбаев Қ.Б.» баспасы.  2021 ,- 190 бет

2. Ширинбаева Г.К. Мамандыққа кіріспе. Оқу құралы, - Алматы: ЖШС «Жания-Полиграф» баспаханасы.  2016ж. - 156 бет.

3. Ширинбаева Г.К. Әлеуметтік-педагогикалық практика әдіскерінің жұмысы Оқу құралы. - Алматы:  «Әкімбаев Қ.Б.» баспасы.  2021, - 192бет

4.Ширинбаева Г.К. Педагогика, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану тарихы Оқу құралы.- Алматы: «Әкімбаев Қ.Б.» баспасы.  2021, - 195 бет.

 

МАРАПАТТАРЫ:

1.«Үздік ұстаз» төсбелгісі. Университеттің кәсіптік мамандар даярлауға сіңірген еңбегі үшін марапатталған. Куәлік - № 556. (2018).

2. «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалі. (2018). Куәлік -№641. (2018).

3."ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл" төсбелгісі. "Тәуелсіз елдің құрметті педагогі" Республикалық байқауының жеңімпазы. Куәлік №00062. (2021).

 


← Вернутся назад