About us | Главная /
Иманбаева Сәуле Тохтарқызы
Иманбаева Сәуле Тохтарқызы
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ХПБҒА-ның академигі, КОНКОРД халықаралық академиясының корреспондент - мүшесі (Франция). 1978 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика факультетінде оқып, математика пәнінің мұғалімі классификациясын алды. 1986 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу институтының «Информатика және есептеу техникасы» лабораториясында кіші ғылыми қызметкер, 1986-1990 жылдар аралығында аталған ғылыми - зерттеу институтының педагогика мамандығы бойынша күндізгі бөлім аспирантурасын оқыды. 1990 - 1999 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында кіші ғылыми қызметкерден жетекші ғылыми қызметкерге дейін, 1999 - 2001 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекетттік орталық мұражайда ғалым хатшы, 2001 жылы Маңғыстау «Болашақ» институтында оқу және ғылым жөніндегі проректоры қызметін атқарды. 2003‑ 2008 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде оқу- әдістемелік бөлім меңгерушісі, 2008-2011 жылдары педагогика және психология факультетінің деканы , 2011-2014 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ - нің «Ұлттық тәрбие және өзін өзі тану» кафедрасының меңгерушісі, 2014 жылдың қараша айынын бастап жалпы педагогика кафедрасында профессор қызметін атқарады.
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері) Бакалавриатта: Педагогика, Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Педагогикалық менеджмент Магистратурада: -
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (көрсету 5 мәнді). Педагогика ғылымы саласы бойынша оқу - әдістемелік зерттеу жұмыстары бойынша 300 - ден аса ғылыми - зерттеу, оның «Мектептегі патриоттық тәрбие берудің теориясы мен әдістемесі» атты монография, «Педагогика», «Әлеуметтік педагогика», «Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі», «Педагогика тарихы», «Әлеуметтік педагогика», «Мәңгілік ел» атты 5 оқулық, «Педагогика школы», «Школоведение», «Педагогика межличностных отношении», «Тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы», «Тұлғаның интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру», «Ұлттық тәрбие», «Әлеуметтік педагогика бойынша курстық жұмысты құрастырудың ғылыми әдістемелік ұсыныстар» атты 12 оқу құралдары т.б. Білімін жетілдіру курстары: Москва қаласы Ресей мемлекеттік әлеуметтендіру университетінде, Қытай Халық Республикасы Үрімші қаласы, Цинь-зьян педагогикалық университеті, Германия Дюссельдорф қаласындағы Халықаралық білім мен ғылымды ақпараттандыру орталығында, Франция КОНКОРД халықаралық академиясында, Испания Корольдігі Валенсия қаласы, Валенсия политехникалық университетінде, «Өрлеу» біліктілікті арттыру республикалық институтының ұсынысымен «Жалпы педагогика» бойынша тәлімдемеден өтті.
МАРАПАТТАРЫ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан марапаттау қағазымен, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілер, «Жоғары оқу орны үздік оқытушысы» мемлекеттік атақтың иегері, 2015 жылы Франция мемлекеті КОНКОРД халықаралық академиясы тағайындаған «MARIA AGNESI» меделінің иегері.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|