қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Аймбет Айжан Сәндібайқызы

Аймбет Айжан Сәндібайқызы

 

ҚЫСҚА АВТОБИОГРАФИЯ

1996 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2014 жылы мектепті бітіріп, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінің «Аударма ісі» (ілеспелі аудармашы) мамандығына оқуға түсіп 2018 жылы бітірді. 3 курста оқып жүргенде Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласындағы Чунбук университетінде бір семестр оқиды.

2018 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің «Екі шет тілі» мамандығына магистратураға түсті. 2019 жылы Вильнюс қаласында тағылымдамадан өтіп, 2020 жылы Жапониядағы Цукуба университетінде өтілген Халықаралық конференцияға қатысты.

Магистратураны 2020 жылы бітірді.

2021 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетел тілдері кафедрасының магистр оқытушысы.


БІЛІМ БЕРУ

Оқу орны

Біліктілік

Мерзімнің өту күні

Абылай хан атындағы

ҚазХҚ және ӘТУ

Білім бакалавры

2018 ж

Абай атындағы ҚазҰПУ

Білім саласындағы ғылым магистрі

2020 ж

 

ҒЫЛЫМИ ДƏРЕЖЕ

Академиялық дəреже

Ғылым саласы

Дипломның берілген күні

Білім саласындағы ғылым магистрі

Педагогикалық ғылымдар

Абай атындағы

ҚазҰПУ, 2020 ж

 

ПƏНДЕРДІ ОҚЫТУ

Бакалавриат: "Шет тілі" (1 курс), "Практикалық грамматика" (1 курс), "Ауызекі сөйлеу практикумы" (2 курс), "Базалық шетел тілі" (2 курс), "Ілгермелі шетел тілі " (2 курс), "Шетел тілін оқыту әдістемесі" (3 курс), "Кәсіби бағытталған шет тілі" (3 курс).

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

1) «Шетел тілін оқытуда нейролингвистикалық бағдарламаны қолдану» «Абай жылы: Білім, ғылым және жастар» тақырыбындағы студенттер мен магистранттардың дәстүрлі 74-ғылыми конференциясының материалдары. Мектепте және ЖОО шет тілін оқытудың өзекті мәселелері 15 қараша, 2019ж. Б.400-403

2) «Нейролингвистикалық бағдарламалау жəне шетел тілдерін оқыту» «ғарыш күніне», «ғылым күніне»,  азаматтық авиация академиясының 25- жылдығына арналған  «жас ғалым: қазіргі əлемдегі ғылымның өзекті  мəселелері» атты студенттердің  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы

"Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар" бағдарламасы жəне филология ғылымдары секциясы

10 сәуір, 2020 ж. Б. 135-141

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

1.  Vytautas Magnus university (20 часов, сертификат)

2. Жапонияда Цукуба университеті ұйымдастырған "Trends and issues of educational research in Kazakhstan, Russia, Uzbekistan and Japan" атты семинар (сертификат)

 

ЖЕТІСТІКТЕРІ

1.Алғыс хат, 81 гимназия, 2021 ж.

2.Алғыс хат, 81 гимназия, 2022 ж.

3.Алғыс хат, Ғылым және Жоғары Білім министрі С.Нұрбек, 2023 ж.

 

 


← Вернутся назад